Атырауда 20 қазан-19 қараша аралығында табиғатты қорғау шараларын күшейтуге бағытталған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Акцияның 20 күнінде барлығы 94 құқық бұзушылық тіркелген. Атап айтқанда, заңсыз аңшылық және аңшылық ережелерін бұзу -13, су жануарларын заңсыз аулау және балық аулау ережесін бұзу -39, жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленуі - 2, аңшы қаруын тасымалдау және алып жүру қағидаларын бұзу - 35 дерек анықталды.
Осы ретте, Атырау облысы полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы жергілікті тұрғындар мен қонақтардан аңшылық пен балық аулау ережелерін сақтауды, заңсыз әрекеттерге жол бермеуді және табиғат ресурстарын қорғауды сұрайды.
Бұл бағыттағы жұмыстар анықталды.
Әлия ЖАМИТОВА