Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Нұрсаядағы жаңа емхана құрылысының 60 пайызы аяқталды

 

 

Атырау қаласы Нұрсая ықшамауданында облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының тапсырысымен бір ауысымда 250 келушіні қабылдай алатын жаңа емхана салынып жатыр, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі. Үш блоктан тұратын үш қабатты ғимараттың жалпы аумағы — 1972 шаршы метрді құрайды.

 

 

Бүгінде ішкі және сыртқы жұмыстарды қоса алғанда құрылыс 60%-ға аяқталған. Жұмыстарды «Бекболатовтар құрылыс компаниясы» ЖШС мердігер мекемесінің арнаулы жеті техникасы мен 80-ге жуық жұмысшысы атқаруда. Мұнда алғашқы қабылдау, зертхана, балалар мен ересектерге арналған бөлімдер, толық медициналық қызмет көрсететін кабинеттер қарастырылған.

 

Жоба толықтай аяқталған соң 170 адам еңбек ететін болады, олардың қатарында 48 дәрігер мен 72 медициналық қызметкер бар.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ