Атырауда бағаны өсірмеу үшін не жасалуда?
- Details
- 31.12.2025
Исатай ауданының Хамит Ерғалиев ауылында 1960–1970 жылдары салынған үш екі қабатты үй апатты деп танылып, қазір толықтай бұзылуда. Барлығы 17 пәтер болған, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Жаймағамбетов Сырым Бисенбайұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Атырауда стоматологиялық бизнес Қаржы мониторингі агенттігінің ауқымды тергеуінің ортасында қалды. Жүргізілген рейдтерден кейін бірқатар клиникалардың жұмысы уақытша тоқтатылды. Кәсіпкерлердің айтуынша, тіпті заңды түрде жұмыс істеп жүргендер де күдікке ілінген, деп хабарлайды Almaty телеарнасы.
AtyrauTODAY тілшісінің Orda.kz-ке сілтеме жасап хабарлауынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) қаражатын жалған стоматологиялық клиникалар арқылы жымқыру ісі бойынша айыпталып жатқан атыраулық кәсіпкер Аслан Дүйсенов ұсталды.
Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен Айбек Орынбасарұлы облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігін сақтау және жылыту маусымында тұрмыстық өрттердің алдын алу мақсатында баспасөз турын өткізді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.