Атырауда қала күніне орай жолдар жабыла ма?
- Details
- 03.10.2025
Теңіз вахталық ауылында Жылыой аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдап, сатып келген топты ұстады. Оқиға орнынан шамамен бір тонна дизель отыны тәркіленді, деп хабарлайды AtyrauTODAY.
Пресс-қызметтің мәліметінше, оқиға 24 қыркүйек күні сағат 22:00 шамасында болған. Полицейлер «КамАЗ» маркалы жүк көлігінің жүргізушілерін жанармайды заңсыз тасымалдап, сатып жатқан сәтінде анықтаған. Тәркіленген мұнай өнімдері айғақты зат ретінде іске тіркелді.
Барлық күдіктілер полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта тексеріс жүргізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Жылыой аудандық полиция бөлімінде ескертілгендей, жанармайды заңсыз айналымға енгізу – заң бойынша қатаң жауапкершілікке әкеледі. Теңіз полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Бахытжан Абилов бұл бағыттағы бақылауды күшейтуді және қосымша тексерулер жүргізуді тапсырды.
Сәуле МАҒАУ