Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда киік етін алуға бола ма?

Бұл Қазақстанда киік санын реттеу мақсатында қолға алынған шаралар аясында жүзеге асырылуда. Жоспарға сәйкес киік аулау маусымы аяқталғанға дейін Батыс Қазақстан облысы аумағынан 450 мың бас киік аулану керек, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Киік аулау маусымы қыркүйек айында басталды. ӨКҚ мәлім еткендей, тасымалдаушылардың бірі Батыс Қазақстаннан дайын күйінде әкелсе, енді бірі бұл істі «Охотзоопром ӨБ» РМҚК-ның инспекторларымен бірге атқарып жатыр.

- Қала базарларында сатылып жатқан киік еттері заңды түрде ауланған. Жануар терісі сыпырылып, жуылады. Кейін ветеринар мамандар анықтамасын берген соң базарларға жеткізіледі. 2023 жылға дейін киіктің саны аз болғандықтан оны аулауға рұқсат жоқ еді. Кейін саны артып, реттеуге шығарылып, рұқсат етілді,- деді облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы бөлімінің бас маманы Мереке Шалқаров. 

Бүгінде базарлардағы киік етінің келісі — 1800-2000 теңге. Оны ұша түрінде де, туралған дайын күйінде де сатады. 

Айта кетейік, киік аулау, оның санын реттеу маусымы қараша айының соңына дейін жалғасады деп жоспарлануда.

Сәуле МАҒАУ

Фото-иллюстратив: "АтырауПресс"