Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Қазақстанда әлемде жоқ жаңа тағам түрі пайда болды!

Ақтауда бекіре балығынан қазы өндіріле бастады, деп хабарлайды Atyrau Today.

Килограммы 35 мың теңге тұратын бұл шұжықты Ақтаудағы жергілікті балық дүкендерінің бірінен сатып алуға болады.

Бекіре етінен дайындалған қазы жергілікті тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие. Оны дәстүрлі түрде ұлттық тағам – бешбармаққа қосады, сондай-ақ тойларға, кейде садақаға да тапсырыс береді.

Балықтан жасалған қазы ерекше дәмі мен жоғары сапасының арқасында тез танымал болуда. Сатып алушылардың ыңғайы үшін өнім Қазақстанның барлық өңіріне жеткізіледі. Бұл қазыны тек ақтаулықтар ғана емес, еліміздің өзге аймақтарының тұрғындары да оңай сатып ала алады.

Аман ШАМАР