Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Құрманғазыдағы шекарада не боп жатыр?

Атырау облысының Ресеймен шекарасында жүк көліктерінен құралған ұзын-сонар кезек пайда болды. Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, көліктердің жиналуы РФ тарапынан бақылаудың күшейтілуіне байланысты, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

«Құрманғазы» өткізу пунктінде кезектер қыркүйектің ортасынан бастап байқалды. Департаменттің хабарлауынша, 24 қыркүйектегі жағдай бойынша шамамен 150 жүк көлігі кезекте тұр, тағы 215 көлік бақылаудан өткен.

Ведомствода электронды талондармен мәселе жоқ екенін атап өтті — барлық жүргізушілерге өткізу билеттері берілген.

«Біз шекара қызметімен бірлесіп, процесті жеделдету және жүктемені азайту үшін барлық шараларды қабылдап жатырмыз. Жағдай бақылауда», — деді департамент өкілдері.

Алайда кідірістің себебі қазақстандық тарапта емес. Ресей Федерациясы қосымша бақылау шараларын енгізді: тексеру уақыты ұзартылды, құжаттарды қатаң тексеру күшейтілді, сондай-ақ санитарлық және фитосанитарлық талаптар қойылды. Мамандардың пікірінше, дәл осы жаңа талаптар кептелістің басты себебі болып отыр.

Сарапшылардың болжауынша, егер тексерулер осылай қатаң түрде жалғаса берсе, кезектер әлі де сақталуы мүмкін.

Жүргізушілерге жолды жоспарлау кезінде ықтимал кідірістерді ескеріп, шекарадан өтуге қосымша уақыт қарастыру ұсынылады.

Сәуле МАҒАУ