Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда қыздар төбелескен бе? (+ВИДЕО)

Атырау қаласында колледж студенттері арасында жанжал орын алған, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Ұрып-соғу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Облыстық полиция департаментінен білгеніміздей, күдікті Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.

Барлық қатысушылар профилактикалық есепке қойылады, іс материалдары Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияға жолданады.

Кәмелетке толмаған баланың тәрбиесі бойынша міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Құқық бұзушылықты видеоға түсіріп, оны таратқан, бірақ полицияға хабар бермеген жасөспірімге де құқықтық баға берілетін болады.

Ата-аналарды балалардың бос уақыты мен мінез-құлқын қатаң бақылауда ұстауға шақырамыз. Бейқамдық пен немқұрайлылық құқықбұзушылық пен қайғылы жағдайларға алып келеді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ