Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда жер сілкінгені рас па?

2025 жылғы 24 қыркүйек күні таңертең Каспий теңізінде жер сілкінісі болды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Толқындар Атырау уақыты бойынша сағат 04:34-те тіркелді. Магнитудасы 3,0 құрады. Эпицентрдің координаттары: 41.59° N, 50.35° E, гипоцентр тереңдігі — 62 км.
 
Бұл оқиға өңірдегі сейсмикалық белсенділікті еске салады. Ең соңғы жер сілкінісі 2025 жылғы 16 қыркүйекте Каспий теңізінде болған, оның магнитудасы 3,2 және тереңдігі 50 км еді.
 
Сейсмологтар жағдайды бақылауды жалғастыруда. Жер сілкінісі құрлықта сезілмеді, зардаптар мен қирау туралы ақпарат түскен жоқ.
 
Ескерту: мұндай табиғи құбылыстар қалыпты болып саналады және әрдайым зардапқа әкелмейді.
 
Сәуле МАҒАУ
 
Фото: ru.freepik.com