Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраулық тұрғын полиция көмегімен балаларын қайтарып алды (+ВИДЕО)

Атырау қаласының тұрғыны сот шешімінің жүйелі түрде бұзылып отырғанын мәлімдеді: бұрынғы күйеуі балаларды өз бетінше алып кетіп, анасына қайтармаған. Бұл туралы AtyrauTODAY тілшісі хабарлайды.

Атырау қаласының тұрғыны Алия Максутова бұрынғы жұбайының заңсыз әрекеттері жөнінде мәлімдеді. Оның айтуынша, сот шешіміне қарамастан, экс-күйеуі ортақ кәмелетке толмаған балаларын өз бетінше алып кетіп, ұзақ уақыт бойы анасына қайтармай отырған.

Ерлі-зайыптылар 2023 жылы ажырасқан. Алия Максутованың сөзінше, ажырасқаннан кейін ол шамамен 10 рет полицияға бұрынғы күйеуінің қудалауы, сондай-ақ балаларды алып кетіп, олардың анамен байланысына кедергі келтіру фактілері бойынша арыз жазған. Сот шешіміне сәйкес, балалар тұрақты түрде анасының қолында тұруы тиіс, ал әкесіне олармен кездесудің нақты уақыты белгіленген.

Кезекті оқиға кезінде ер адам балаларды кездесуге апарамын деген сылтаумен алып кеткен, алайда кейін оларды белгісіз бағытқа әкетіп, байланысқа шықпай қойған. Әйел бірнеше рет полицияға жүгініп, балаларды заңды қамқоршысына қайтаруды сұрап, әлеуметтік желілерде бейнеүндеулер жариялаған.

Іздестіру шаралары барысында полицейлер ер адамның жүрген жерін анықтады. Кейін ол ұлын анасына қайтарғанымен, қызын ұстап қалуды жалғастырған. Тек кеше түнде бұрынғы күйеуі қызымен бірге оның ата-анасының үйінен табылды. Бала анасына тапсырылды.

Ер адам түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, мән-жайлар анықталуда.

ВИДЕО ОСЫ ЖЕРДЕ...