Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраудағы Алиев көпірінде не болған? (+ВИДЕО)

Атырауда полицейлер көпірден секірмек болған адамды құтқарды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

18 желтоқсан күні Жедел басқару орталығының қызметкерлері полиция аға сержанты Салтанат Урынбаева мен полиция майоры Айгүл Адракова бейнебақылау камерасы арқылы Атырау қаласындағы Алиев көпірінде белгісіз адамның секірмекші болғанын анықтайды. Хабарлама бойынша оқиға орнына дереу жеткен учаскелік полиция инспекторлары Ерболат Сапашев пен Бағытжан Сабырғалиев, сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлері Сұлтан Сапарғалиев пен Нұржан Ахметжан көпір үстінде 45 жастағы ер адамның секіруге әрекет жасап жатқанын байқап, оған жақындап, сөйлесе бастаған.

Полицейлердің кәсіби әрі батыл әрекеттерінің арқасында азамат қауіпсіз жерге шығарылып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта жедел-тергеу тобы ер адамның бұл әрекетке баруының себептерін жан-жақты тексеріп, тергеу жұмыстарын жүргізуде.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ВИДЕО ОСЫ ЖЕРДЕ...