Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда өзге облыс тұрғыны есірткі таратқан (+ВИДЕО)

 

 

Атырау облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы «Цифрлық өткізу» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде қала аумағында синтетикалық есірткі затын таратумен айналысқан 43 жастағы Қызылорда облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

 

Алынған заттардың жалпы салмағы 23 грамм «Альфа-PVP» синтетикалық есірткісі екені анықталды. Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша Қылмыстық Кодекстің 297-бабы, 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды. Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы, 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

ВИДЕО ОСЫ ЖЕРДЕ...