Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда қоғамдық көлік апатынан қырықтан астам адам жарақат алды

Соңғы уақытта облыс аумағында қоғамдық көліктің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғалары жиілеп, адам өміріне қауіп төндіріп, ауыр салдарға әкелуде, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

 Жыл басынан бері қоғамдық көліктің қатысуымен 35 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 2 адам қаза тауып, 40-тан астамы түрлі дене жарақатын алды. Соның ішінде, жуырда Атырау қаласының Байтақ-2 ықшам ауданында автобусты басқарған 58 жастағы жүргізуші жолдан өтіп бара жатқан 6 жастағы баланы қағып, бала оқиға орнында қаза тапты. 

Қала көшелерінде қоғамдық көліктер, әсіресе автобус қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғалары жаяу жүргіншілер үшін қауіп төндіруде. Кенет көліктің қағып кетуі салдарынан жарақат алғандар мен қаза тапқандар жағдайы біздің ортақ назарымызды талап етеді. Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері: жаяу жүргіншілер мен жүргізушілердің жол ережесін сақтамауы, жүргізушілердің жылдамдықты асыруы немесе абайсыз маневр жасауы, қауіпсіздік белдігін пайдаланбау және жолаушылардың дұрыс отырмауы, жолды кесіп өту кезінде абайсыздық таныту. 

Осы орайда, кәмелетке толмаған балаларды жол бойына, көшеге және қоғамдық орындарға ересектердің қарауынсыз шығармауларыңызды сұраймыз. Балаларға жол жүрісі қағидаларын үнемі түсіндіріп, жолды тек белгіленген жерден өту қажеттігін қадағалаңыздар. Әрбір ата-ананың жауапкершілігі – баласының өмірі мен қауіпсіздігі. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ