Облыста ҚР Мемлекеттік әнұранының авторы, көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері, жерлесіміз Жұмекен Нәжімеденовтің 90 жылдығына орай ауқымды іс-шараларға дайындық жұмыстары жүруде, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Ертең, 10 қазанда «Мұнайшы» стадионында ақынға арналған «Менің Қазақстаным» атты мерекелік концерт ұйымдастырылады.
Кеш барысында ҚР Мемлекеттік туы мен Жұмекен Нәжімеденовтің бейнесі көрсетілген үлкен көркем құрастырма ұсынылады. Сондай-ақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.
Атырау облысы Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әбіл Жоламановтың айтуынша, «Менің Қазақстаным» атты мерекелік шараға 3000-нан астам адам жұмылдырылмақ. Олардың ішінде мыңнан аса адам көркем құрастырманы жинап, тағы мыңы көк туымызбен арнайы шеруге қатысады.
"AtyrauTODAY"