Қала күніне орай өңірде тағы бір мәдени нысан бой көтерді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Алмалы ауылында 200 орындық жаңа мәдени нысан пайдалануға берілді. Жиынға Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкінұлы мен ауыл азаматтары қатысты.
Ғимараттың ауласы көгалдандырылған, ғимарат ішінде акт залы, кітапхана және әртүрлі үйірмеге арналған жеке кабинеттер бар.
⁃ Бой көтерген жаңа мәдениет үйі – ауылдың рухани өміріндегі елеулі оқиға. Бұл шаңырақта өнер сүйер жастар қанат қағып, ауыл тұрғындарының бос уақытын мазмұнды өткізуге мүмкіндік алады. Жаңа мәдениет ордасы елдің еңсесін көтеріп, бірлігімізді бекемдейтін ортаға айналсын деп тілеймін,- деді Ш.Кейкин.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ