Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Құлсарыда не боп жатыр???

Жылыой ауданы Құлсары қаласында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының бірінің журналисі ірі көлемде ақша бопсалады деген күдікпен полицейлер тарапынан ұсталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

"Atyrau Oil" парақшасының мәліметінше, ол жергілікті компания басшысынан 10 миллион теңге талап етіп, кәсіпорын қызметіне қатысты бейнематериалды жариялаймын деп қорқытқан. Ол ақшаның бір бөлігі – 4 миллион теңгені «Тенгри» қонақүйінде делдал арқылы берген сәтте ұсталған.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі 2-тармағы – «Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қылмыстық құқықбұзушылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция департаментінің ресми түсініктемесі күтілуде.

Сәуле МАҒАУ

Фото: "Atyrau Oil"