«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында облыс және қала әкімдіктерінің бастамасымен Атырау қаласы аумағында ауқымды көгалдандыру жұмыстары жүргізілді, сообщает корреспондент AtyrauTODAY.
Бұл жұмыстарға шаһар басшысы Шәкір Кейкин де қатысты. Ол өз қолымен тал егіп, түбін қопсытты. Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті арттыру және қала тұрғындарына қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру болып табылады. Аталған іс-шара шеңберінде қала бойынша түрлі демалыс және қоғамдық аймақтарда жасыл желектер отырғызылды.
Атап айтқанда, Жастар саябағында – 500 түп көк шырша, ал Жеңіс саябағы мен Жайық өзені жағалауы бойында – 150 түп қарағай ағашы отырғызылып, қаланың жасыл қорын толықтырды.
Бұған қоса, Геолог саябағына 206 түп күл (ясень) және 74 түп қарағай ағашын отырғызу жоспарлануда.
Бұл жұмыстар қала экожүйесін сақтау мен көріктендіруге, сондай-ақ тұрғындардың демалысына жайлы жағдай жасауға бағытталған.
Амандық АБДОЛ