Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда мас тұрғын қоғамдық жерде ойына келгенін жасаған...

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында кезекті әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Атап айтқанда, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігі (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) және 669-бабының 3-бөлігі (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Сотпен анықталғандай, 2025 жылғы 29 қыркүйекте сағат 20:00 шамасында азамат Н. қоғамдық жерде алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйде, яғни адамның қадір-қасиетін және қоғамдық имандылықты қорлайтын күйде жүрген. .

Сонымен қатар Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының 6 ай мерзімге мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу, яғни алкогольдік ішімдік ішуге тыйым салу жөніндегі қаулысын бұзған. Осылайша әкімшілік құқық бұзушылықтарды бір жыл ішінде бірнеше рет қайталаған.

Н.-ның кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаларымен, сауалнама хаттамаларымен, сот қаулыларымен және т.б. іс материалдарымен расталады.

Сот қаулысымен Н. әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 25 тәулік әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ