Атырау мектептерінде «Менің мектебім буллингке қарсы» атты челлендж өтті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
«Менің мектебім буллингке қарсы» атты республикалық челлендж елімізде бір уақытта басталды. Облыстық білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Ләззат Еділханның айтуынша, басты мақсат – балалардың қауіпсіздік мәселелеріне саналы түрде қарауға қоғам назарын аудару. Оқушылар мен педагогтердің антибуллингтік санасы мен ойлауын қалыптастыру, кез келген зорлық-зомбылық түрлеріне қарсылық танытуға атсалысу.
Амандық АБДОЛ