Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда ерекше шара өтті: ер азамат қандай болуы керек?

Атырауда мектеп оқушылары арасында пікірсайыс турнирі өтті. Жас спикерлер түрлі тақырыпты талқылап, басты назарды «Қазіргі заманда ер азамат болу және көшпелі заманда ер болу» мәселесіне аударды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Қатысушылар әр дәуірдегі ер адамның қоғамдағы орнын салыстырды: көшпелі кезеңде ол әулеттің қорғаушысы, жауынгер және көштің тірегі болса, қазіргі заманда ер азаматқа білімді болу, отбасына қамқорлық жасау, қоғамға үлес қосу және жаңа технологияларға бейімделу талаптары қойылады.

Жас пікірсайысшылар батырдың бейнесі мен бүгінгі азаматтық жауапкершіліктің ұқсастықтары мен айырмашылықтарына ерекше тоқталды.

— Біздің тарап көшпелі ер бейнесін қолдайды. Оның артықшылықтары көп: еркін өмір сүрді, отбасында құрметке ие болды. Ал қазір ше? Қазіргі заманда ер адамдар бастықтарына тәуелді. «Отчётты тез тапсыр» деген талаптар олардың намысына тиеді. Ал көшпенді ер азаматтар өзін еркін сезінді, олардың үстінен қарайтын ешкім болған жоқ, — деді турнир қатысушысы Аружан Аманжолқызы.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай интеллектуалды турнирлер оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытып, өз көзқарасын ашық жеткізуге үйретеді.

Сәуле МАҒАУ

Фото: ru.freepik.com