Қоғамдық көліктердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында қалада жаңа тасымалдаушы компания заманауи автобустармен қосымша бағыттарды іске қосуда, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Осыған сәйкес қала ішінде қосымша алты автобус бағыты пайда болады. Қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Ғасырбек Төлегеновтен білгеніміздей, жаңа автобус бағыттары: №61, №64, №66, №67, №69, №70. Ертеңнен бастап №64 және №67 бағыттары тұрғындарға қызмет көрсетуді бастайды. Қалған бағыттар қазан айында кезең-кезеңімен қосылмақ.
Айта кетейік, бүгінде жалпы қала аумағында 32 бағытта 240 қоғамдық көлік жұмыс істеп тұр.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: әкімдіктің баспасөз қызметі