Тұщықұдық, Томарлы және Еркінқалада — бірден үш жаңа өнер мектебінің құрылысы басталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Еркінқалада алғаш рет 150 орындық музыка мектебі салынып жатыр. Бұған дейін мұнда өнерге арнайы білім беретін мекеме болмаған. Сондықтан бұл нысан — ауыл тұрғындары көптен күткен, балалар үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын тарихи жоба.
Екі қабатты ғимараттың жалпы ауданы — 2500 шаршы метр. Ішінде кең оқу кабинеттері, шығармашылық залдар, балаларға арналған музыкалық бөлмелер қарастырылған.
Қазір құрылыс жұмыстары аяқталып келді, жыл соңында мектеп толықтай пайдалануға берілмек.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ