Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Ғылым ұлттық экономика өзегіне айналуы тиіс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтылған ғылым мен білімді дамытуға бағытталған бастамалар – Қазақстанның интеллектуалдық әлеуетін арттыруға жасалған стратегиялық қадам. Әсіресе, жасанды интеллектіні кеңінен қолданатын университеттерге көбірек дербестік беру, дарынды зерттеушілерге қолдау көрсету, шетелден білікті мамандарды тарту сынды мәселелер – заманауи талаптарға сай кадрлық ресурстарды қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.

Президентіміздің: "Шетелден мықты мамандарды ұлтына қарамай тарту — өте маңызды міндет" деген сөзі – еліміздің ашық, прагматикалық саясатының жарқын көрінісі. Ғылым мен білімде ұлтқа, шекараға бөлінуге болмайды. Бізге ең бастысы – сапалы адами капитал, терең білім мен технологияны игерген мамандар қажет. Бұл – білім экономикасына көшіп жатқан еліміздің басты талабы.

Сонымен қатар ғылым саласында мемлекеттің белсенді рөлімен қатар, оның тиімділігін арттыру қажеттілігі де дер кезінде көтерілді. Қазіргі таңда ғылым мен инновация өз алдына бөлек емес, тұтас ұлттық экономиканың өзегіне айналуы тиіс. Сондықтан Ғылым және жоғары білім министрлігінің құзырына инновациялық саясатты беру – бұл басқаруды жүйелеудің, салааралық байланысты күшейтудің маңызды тетігі.

Президент Жолдауындағы бұл бастамаларды жүзеге асыруда ғылым мен білім саласындағы әрбір маман, әрбір оқу орны мен ғылыми институт өз жауапкершілігін сезінуі керек. Болашақтың кілті – білімде, ғылымда, ал оны іске асыратын – сапалы, жоғары білікті кадрлар. Сондықтан бұл бағыттағы нақты қадамдарды қолдай отырып, олардың жүйелі түрде іске асуына атсалысу – әрбір зиялы қауым өкілінің борышы деп білемін.

Мәншүк Мұқашева,

Ақпарат саласының үздігі, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры