Атырауда қала күніне орай жолдар жабыла ма?
- Details
- 03.10.2025
Қаржылық мониторинг агенттігі Атыраудағы дропперлердің қымбат көліктерін көрсетті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Атырау облысындағы стоматологияларға қатысты қылмыстық іс аясында дропперлерден тәркіленген автокөліктерді көрсетті. Олардың қатарында Mercedes-Benz, BMW, Porsche Taycan, Cadillac Escalade, Toyota Land Cruiser сияқты люкс санатындағы көліктер бар. Бұл — тек тәркіленген мүліктің бір бөлігі ғана.
Белгілі болғандай, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы (БЖЗҚ) қаражатты жалған медициналық анықтамалар арқылы шешіп алған делдалдар соманың 10–20%-ын өздеріне қалдырып отырған. Сол қаражатқа жүздеген миллион теңгеге жылжымайтын мүлік пен қымбат көліктер сатып алынған.
Айта кетерлігі, осы алаяқтық схемаға қатысы бар стоматологиялардың ресми тізімі әзірге жарияланған жоқ. Алайда әлеуметтік желілерде Атырау, Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы бірқатар клиникалар қызу талқылануда.
Мемлекеттік органдар бұл жағдайға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ, ал тергеу амалдары жалғасуда.
Сәуле МАҒАУ