Атырауда биыл «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында жалпы сомасы 685 мың АҚШ долларын құрайтын 3 390 өтінім жүзеге асырылды, деп хабарлайды Atyrau Today.
Өтініштердің басым бөлігі – 3 115 өтінім – тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған болса, тағы 875 өтінім оқу ақысын төлеуге арналды. Жастарға жарқын болашақ қалыптастыруды көздеген бұл бастама халық арасында оң бағасын алуда.
«Ұлттық қор – балаларға» жобасы өткен жылы іске қосылған болатын. Осы уақыт ішінде жас қазақстандықтар бұл қаржыны 19 миллион АҚШ долларынан астам көлемде пайдаланды. Тұрғындардың айтуынша, бағдарлама отбасылар үшін нақты қолдау болып, баспана мен білім сияқты маңызды мәселелерді шешуге көмектесіп отыр.
Сарапшылар бұл жобаны жай ғана әлеуметтік қолдау емес, ел болашағына бағытталған стратегиялық инвестиция ретінде қарастырады. Себебі балаларға, олардың дамуына салынған инвестиция мемлекеттің алға басуын қамтамасыз етеді.
Кәмелет жасына толған әрбір азамат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жеке кабинеті немесе eGov порталы арқылы өзіне тиесілі мақсатты жинақтар туралы ақпаратты тексере алады. Бұдан кейін уәкілетті банктен долларлық шот ашып, тұрғын үй сатып алу немесе оқу ақысын төлеу мақсатында онлайн өтінім беру қажет.
Сәуле МАҒАУ
Фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ