Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраулық оқушылар республикалық олимпиадада топ жарды!

Астана қаласыда өткен мыңға жуық оқушы қатысқан ауыл мектептері оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың жаратылыстану-матемаетика бағыты бойынша қорытынды кезеңі өтті, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Оған Атырау облысынан 28 оқушы қатысып, оның ішінде Құрманғазы ауданынан 6 оқушымыз топ жарып жүлделі орындар иеленді. Бұл туралы аудан әкімдігі мәлім етті. Атап айтқанда: Бостан Нұртілек - Құрманғазы ауданы, Әбу Сәрсенбаев атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы, химия пәні; Ғалымжан Марат - Құрманғазы ауданы, Бауыржан Бегалиев атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы, химия пәні;Өмірзах Нұрасыл - Құрманғазы ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы, география пәні;Кисметов Данабек - Құрманғазы ауданы, Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің 10-сынып оқушысы, химия пәні;Есетов Ержигит - Құрманғазы ауданы, Михаил Ломоносов атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы, биология пәні; Таңатарұлы Бекнұр - Құрманғазы ауданы, Мұхтар Әуезов атындағы орта мектебінің 11-сынып оқушысы, математика пәні.

Сондай-ақ, аталған білім додасында Миялы ауылдық округіндегі Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Мирас Сәлім информатика пәнінен, ал Тасшағыл орта мектебінің 10-сынып оқушысы Қуаныш Әскер биология пәнінен бақ сынап, өз білімдерінің жоғары деңгейде екенін дәлелдей алды. Аудан әкімдігінің мәліметінеш, жас дарындардың бұл жетістігі олардың үздіксіз еңбегінің, ата-аналарының қолдауының және білікті ұстаздарының кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Информатика пәнінен Мирасқа бағыт-бағдар берген жетекшісі Ерлан Мәдіғалиев болса, биология пәнінен Қуаныштың дарынын шыңдап, сайысқа дайындаған жетекшісі Қанат Гумаров. Ұстаздардың табандылығы мен жас буынға сіңірген еңбегі өз жемісін берді. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған озат оқушылар бас қосқан білім сайысында екі жерлесіміз де шеберліктерін көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Нәтижесінде, Қуаныш Әскер биологиядан III орынды қанжығасына байласа, Мирас Сәлім информатика пәнінен арнайы грамотаға ие болды.

Бұдан бөлек, Атырау облысы жалпы командалық есепте ІІ орын иеленіп «Ең үздік олимпиадалық команда» атағын жеңіп алған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ