Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Құлсарыда алғаш рет омыртқаға күрделі ота жасалды

Жылыой аудандық ауруханасында тарихи оқиға орын алды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Дәрігерлер алғаш рет бел омыртқасының компрессиялық сынуы бар науқасқа күрделі транспедикулярлық фиксация операциясын сәтті жасады. Бұл — аудандық медицина үшін үлкен жетістік: енді күрделі нейрохирургиялық оталарды облыс орталықтарына жолдамай-ақ, жергілікті жерде орындауға мүмкіндік туды.

Ота барысында мамандар омыртқаның зақымданған аймағын бекітіп, оның тұрақтылығын толық қалпына келтірді. Мұндай операция жоғары кәсіби шеберлікті және заманауи технологияларды меңгеруді талап етеді — ал Жылыой аудандық дәрігерлері өз біліктілігін лайықты деңгейде көрсетті.

Енді аудан тұрғындары жүздеген шақырым жүрмей-ақ, өз өңірінде жоғары білікті нейрохирургиялық көмек ала алады.