Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда мұнай компаниясы 15,4 млн теңге айыппұл төледі

Атырау облысы бойынша экология департаментімен «Транс Ойл Терминал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілген рұқсаттар бойынша біліктілік және (немесе) рұқсат беру талаптарының, сондай-ақ экологиялық хабарламалар бойынша талаптардың сақталуына тексеру жүргізілді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Тексеру нәтижелері бойынша құқықбұзушылықтар мен сәйкессіздіктер анықталды. Атап айтқанда, серіктестік нысанында орналасқан  жылыту қазандығы қондырғысында негізгі шығарындылар жүзеге асырылатын жерде өндірістік шығарындылардан сынама алуға арналған арнайы штуцердің (сынама алу орнының) болмауы анықталды. Бұл экологиялық мониторинг пен бақылау талаптарының сақталмауын көрсетеді.

Сонымен қатар, Серіктестіктің өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасында жерасты суларының жай-күйіне мониторинг жүргізу қарастырылғанымен, ұсынылған зертханалық сынақ хаттамаларында фондық көрсеткіштер туралы мәліметтер және фондық бағалау ұңғымаларының деректері болмаған. Бұл жағдай жерасты суларының сапасын толық бағалауға мүмкіндік бермей, экологиялық заңнама талаптарының бұзылуына әкелген.

Сондай-ақ, Серіктестік 2024 жылдың III тоқсаны бойынша өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі есепті заңмен белгіленген мерзімде тапсырмаған.

Бұдан басқа, Серіктестік өз өндірісінен түзілген мұнай қалдықтарын экологиялық рұқсатсыз, жинақтау лимитін алмай заңсыз жинақтағаны және 2024–2025 жылдары қазандықтарды тазалау барысында шыққан ластаушы заттардың шығарындылары тиісті экологиялық рұқсатсыз жүргізілгені анықталды.

Аталған фактілер бойынша Департаментпен жалпы сомасы 15 474 615 теңге көлемінде айыппұл салынып, өндірілді.