1-31 желтоқсан аралығында Атырау облысы аумағында заңсыз киіктерді атудың жолын кесу, олардың өнімдерін заңсыз дайындаумен, сатумен айналысатын тұлғаларды анықтауға бағытталған «Киік» кең ауқымды акциясы өтуде, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Іс-шара барысында табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қорғау мақсатында аңшылық шаруашылық және жайылым аумақтарымен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда тексеру жұмыстары жүргізілуде. "Қызыл кітапқа" енген жануарларды, сондай-ақ, жабайы фаунаның басқа да түрлерін қорғау және сақтау жөніндегі жұмыс Атырау облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Амандық АБДОЛ
Фото: ru.freepik.com