Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау облысы Индер ауданында триатлон жарысы өтті

Индер ауданында алғаш рет триатлон жарысы өтті, деп хабарлайды AtyrauPress аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

XTriInder деп аталған бұл сайыс өңір спортындағы айтулы оқиға болды.  Салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзин қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.

Жарыс үш кезеңнен тұрды: 600 метр – жүзу (табиғи карьерде), 30 шақырымдық веложарыс және 10 шақырымға жүгіру.

Сонымен қатар, қатысушылар эстафеталық форматта да бақ сынады.

Абсолюттік есепте ерлер арасында Қазиев Нартай жеңімпаз атанса, қыздар арасында Сармекова Бақытгүл бірінші орынды иеленді. Эстафетада Велоспорт Атырау командасы топ жарды.
Жарыс жеңімпаздарына жүлделер табысталып, қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталды