Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Талғайранда сапасыз үйлер бойынша қылмыстық іс қозғалды

Атырауда Талғайран шағын ауданында салынған үйлердің сапасына байланысты қылмыстық тергеу басталды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

 Бұл туралы бізге Атырау облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады. Іс ҚР ҚК-нің 278-бабы – «Сапасыз құрылыс» бойынша тіркелген. Аталған бапта мынадай жазалар қарастырылған:

  • 2000 АЕК-ке дейін айыппұл,

  • түзеу жұмыстары,

  • 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар,

  • 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу,

  • немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Сонымен қатар, кінәлілерге белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе құрылыс саласында жұмыс істеуге 3 жылға дейін тыйым салынуы мүмкін.

Еске сала кетейік, бір апта бұрын Талғайран тұрғындары «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған 60 үйде жарықтар пайда болып, үйлердің шөге бастағанын хабарлаған еді. Тұрғындар тәуелсіз сараптама жүргізуді және биліктің жедел араласуын талап етті.

Үйлер 2018 жылы пайдалануға беріліп, кепілдік мерзімі 2020 жылы аяқталған. 2023 жылы мердігер компания ақаулардың бір бөлігін жойғанымен, проблемалар қайта пайда болды — әрі бұрынғыдан да ауқымды түрде.

60 үйдің құрылысына 1,7 млрд теңге бөлінген. Құрылысты екі жергілікті компания және Оралдан келген бір ұйым жүргізген. Сол компаниялардың бірі қазір банкрот болған.