Атырауда 4 мың тоннадан астам балық экспортталды
- Details
- 21.07.2026
Atyrau Today тілшісінің хабарлауынша, Атырау қаласы, Нұрсая Болашақ мөлтек ауданында белгісіз ер адам 8 жасар қызды алып кетпек болған.
Куәгерлер бұл әрекетті байқап, оны тоқтатып, қызды аман-есен қайтарған. Олар дереу полицияға хабар бергенімен, ер адам оқиға орнынан қашып кеткен.
Куәгердің айтуынша, олар шамамен 30 минут полицияны күткен. Полиция келмеген соң қыздың анасымен бірге олар өздері құқық қорғау органдарына барған. Оқиға 2025 жылдың 29 қыркүйегінде, сағат шамамен 21:00-де болған.
Атырау облысы полиция департаментінің хабарламасы:
"Осы дерек бойынша полиция қызметкерлері 1987 жылы туған күдіктіні анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қалған мәліметтер тергеудің мүддесіне байланысты жарияланбайды".
Сәуле МАҒАУ
"Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылы 24 қазанда қайта тіркеліп, № KZ95VPY00132858 куәлігі берілген.
