Құлсары қаласының 1-ықшамауданында полиция бес қабатты үйдің дәлізінде заңбұзушылық дерегін анықтады, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
61 жастағы ер адам қоғамдық орында әдепсіз әрекет жасап, санитарлық нормаларды бұзған. Тексеру нәтижесінде оған ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот оны 55 456 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді.
Тәртіп сақшылары еске салады: қоғамдық орындарда тазалық пен тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың азаматтық борышы. Заңбұзушылықтар қатаң бақылауда болады және әрбір факті бойынша заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.