Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Геологта қанды оқиға орын алды...

Атырауда 73 жастағы зейнеткер келіншекке пышақ сұққан, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Оқиға қаладағы  Геолог ықшам ауданында болған. Қылмысқа өзара туындаған жанжал себеп болуы мүмкін, дейді сақшылар. Қазір 59 жастағы әйел адам ауыр дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Ол дәрігер бақылауында. Құзырлы орган мәліметінше,  адам өлтіруге оқталған қарт кісі  жәбірленушінің туысы екен. Қазір оны полция қамауға алды. Оқиғаның жәй-жапсарын полиция анықтауға кірісті. 

"Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.Аталған дерек бойынша «Адам өлтіруге оқталу» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтау бағытында тиісті тергеу әрекеттері жүргізілуде" дейді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Әлия ЖАМИТОВА

Фото: ru.freepik.com