Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраулық жігіт сүйіктісінің қолынан қаза тапты... (+ВИДЕО)

Атырауда тұрмыстық жанжал кезінде әйел азаматтық жұбайын өлтіріп алды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі

Атырауда кеше түнде тұрмыстық жанжал салдарынан әйел адам бірге тұратын азаматқа ауыр жарақат салған. "Atyrau Oil" сайтының мәліметінше, екеуінің арасында сөзге келіспеушілік туындап, жанжал барысында әйел ер адамға пышақ салған. Алған жарақатынан ер адам жедел жәрдем келгенге дейін оқиға орнында көз жұмған.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы – «Адам өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қайғылы оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.