Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда жүргізуші жасөспірімді қағып құлатқан...

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы), деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Сотпен анықталғандай, 2025 жылғы 3 шілдеде сағат 19:20 шамасында азамат К. басқаруындағы «Lada Granta» маркалы көлік құралымен Атырау қаласындағы үйдің подъезді тұсында жол қауіпсіздігін қадағаламай, жасөспірімді қағып құлатып, жол жүру ережесінің 10.72 тармағын бұзған.

Сот медициналық сараптама қортындысына сәйкес жәбірленуші жеңіл дәрежелі дене жарақатын алған.

К.-ның әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сауалнама хаттамасымен және бейнежазбамен расталады.

Сот құқық бұзушы К.-ға әкімшілік жаза қолдану барысында оның кінәсін мойындап, әрекетіне өкінуін оның жауаптылығын жеңілдететін мән-жай ретінде таныды.

Сот қаулысымен құқық бұзушы К. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып, жауаптылығын жеңілдететін мән-жай ескеріліп, айыппұл сомасы 30%-ға, яғни 110 096 теңгеге қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Аман ШАМАР

Фото: ru.freepik.com