Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда ер адам орталық көпірден құлады...

Атырауда ер адам орталық көпірден құлап қаза тапты

8 желтоқсан күні Атырауда кешкі уақытта қайғылы оқиға орын алды. Куәгерлердің айтуынша, бір адам орталық көпірден секірген. Дәрігерлер оқиға орнына келген кезде ер адамнан еш тіршілік белгілері болмаған. Жедел медициналық көмектің келуіне қарамастан, оны құтқару мүмкін болмады.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 38 жастағы ер адамның суициді бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Құқық қорғау органдары тергеу мүддесіне байланысты басқа мәліметтер әзірге жарияланбайтынын атап өтті.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ