Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырау қаласында не боп жатыр? (+ВИДЕО)

Атырауда 11 адам өрттен құтқарылды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Түнде 112 пультіне Атырау қаласының бір ауданында бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына ТЖМ күштері, сондай-ақ медициналық көмек орталығының мамандары жедел жетті. Өрт сөндірушілер саты арқылы құтқару қалпақтарын пайдалана отырып, оның ішінде екі бала бар жеті адамды құтқарып, оларды одан әрі тексеру үшін жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды. Сонымен қатар автосатының көмегімен тағы төрт адам құтқарылды, олардың ішінде бір бала бар.

Өрт сөндіру бөлімшелерінің шұғыл және үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ