Атырауда қала күніне орай жолдар жабыла ма?
- Details
- 03.10.2025
Атырауда Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері екі аққуды құтқарып қалды. Олар Жайық өзенінде қыстап қалған, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Аққулар негізгі тобынан бөлініп қалып, суық күндердің жақындауына байланысты қауіпке тап болған. Жергілікті тұрғындар күн сайын жағалауда серуендеп жүріп, құстарды қолда бар азықпен тамақтандырып отырған, соның нәтижесінде аққулар адамдарға үйреніп қалған.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жедел түрде оқиға орнына барып, құстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясына тапсырды.
– Мамандар құстардың қыс мезгілін аман-есен өткізуі үшін қамқорлық көрсетіп, көктемде олардың табиғи ортасына қайта оралуына жағдай жасайды. Бұл оқиға жергілікті тұрғындар мен әлеуметтік желі қолданушыларының ерекше қызығушылығын тудырды. Көпшілік аққулардың тағдырын бақылап, жаңалықтарды жіті қадағалап отыр, – деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ