Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда атышулы іске қатысты сот үкімі шықты

Яна Легкодимованы өлтіргендер өмір бойы бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Бүгін Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған межрайондық сотында Яна Легкодимова ісі бойынша үкім жарияланды. Сот айыпталушылар — Хаиржанов пен Катимовты кінәлі деп танып, оларға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Сонымен қатар әрбір сотталушыдан моральдық зиян үшін 15 млн теңге мөлшерінде өтемақы өндіру туралы шешім шығарылды.

Қылмыстың мән-жайы және әлеуметтік желілердегі кең талқылауға байланысты бұл іс қоғам назарын ерекше аудартты. Іс ашық түрде қаралып, сот ұсынылған дәлелдерді, айыптау тараптарының уәждерін және қорғау тарапының дәлелдерін ескерді.

Әлия ЖАМИТОВА