Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

"GrandFashion Atyrau 2025" сән көрсетілімі өтеді

Бүгін Атырауда Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің қолдауымен бесінші мерейтойлық GrandFashion Atyrau 2025 сән көрсетілімі өтеді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Биыл подиумға өңірдің 17 дизайнері өз туындыларын ұсынады. Олардың арасында кезінде шағын ательелерде тігінші болып бастаған, бүгінде өз брендін қалыптастырып, сән индустриясында табысты жұмыс істеп жүрген жас модельерлер де бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға ғана емес, сонымен қатар өңірдің креативті экономикасын нығайтуға және жеңіл өнеркәсіптің дамуына үлес қосады.

Мерейтойлық көрсетілімнің ерекшелігі – аудандардан келген дизайнерлердің белсенді қатысуы. Биыл Исатай, Мақат және Жылыой аудандарының сән шеберлері өз коллекцияларын көпшілік назарына ұсынады.