Атырауда жұмысынан айырылған музыкант сотқа жүгінді
- Мақала туралы ақпарат
- 06.11.2026

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміз бойынша жүзден аса теміржол вокзалы қайта жаңғыртудан өтіп, бірінен соң бірі пайдалануға берілуде. Республика күні қарсаңында Құлсары станциясында еңселі де көрікті вокзал жолаушыларға есігін айқара ашты, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі rail-news.kz-ке сілтеме жасап.
Қызылқоға ауданында әлеуметтік осал топтағы 8 азаматқа жалдамалы тұрғын үйлердің кілті табысталды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовқа әуежайдың жаңа терминалының тұжырымдамасы таныстырылды. Оны қытайлық ECADI компаниясы қазақстандық мамандармен бірге әзірлеген, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Атырауда Есболат Балбаев атындағы «Тәуелсіздікке бір қадам» форумы өтті. «Biz de adambyz» қоғамдық қоры ұйымдастырған іс-шара мүгедектігі бар адамдарды тиімді оңалту және олардың күнделікті өмірдегі дербестігін арттыру мәселелеріне арналды, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Атыраудағы №44 мектеп-гимназиясы UNICEF-тің Green School пилоттық бастамасына қатысатын Қазақстандағы 85 мектептің қатарына енді. Білім ордасында оқушылардың техникалық қабілетін шыңдауға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жобалар жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жол-құрылыс материалдарының сапасын бақылау, зертханалық сынақтардың дәлдігін арттыру және деректердің ашықтығын қамтамасыз ету – жол саласындағы маңызды міндеттердің бірі. Бұл бағытта «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК-да KazRoadLab ақпараттық жүйесі қолданылады.
«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК Атырау облыстық филиалының бөлім басшысы Нұрлан Жантуриннің айтуынша, KazRoadLab жүйесі жол инженерлері мен зертхана мамандарының жұмысын бір цифрлық ортаға біріктіріп, сынама алынған сәттен бастап, зертханалық зерттеу нәтижелері дайын болғанға дейінгі барлық процесті электронды форматта тіркеуге мүмкіндік береді.
«Жүйенің басты артықшылығы – жол-құрылыс материалдарына қатысты мәліметтерді толық әрі жүйелі тіркейді. Жолға шыққан инженерлер нысанға барып, планшет арқылы материал туралы ақпаратты енгізіп, сынама алынған орынды белгілеп, фотосуреттерді тіркей алады. Бұл қағаз құжат айналымын қысқартып, ақпараттың сақталуын қамтамасыз етеді», – деді Нұрлан Жантурин.
Әрбір сынамаға жеке QR-код беріледі. Оның көмегімен үлгінің зертханалық сынақтардан өту тарихын бақылауға болады. Сонымен қатар, зертхана қызметкерлеріне сынама алынған жол учаскесі, мердігер және тапсырыс беруші туралы ақпарат көрсетілмейді. Мұндай тәсіл зерттеу нәтижелеріне сыртқы ықпал ету тәуекелін төмендетуге бағытталған.
Жыл басынан бері Атырау облысы бойынша KazRoadLab жүйесіне 163 нысан тіркелген. Осы нысандарға инженерлер 699 рет тексеріске шыққан. Ал, жол құрылысына пайдаланылып жатқан материалдардан 2088 сынама алынған.
KazRoadLab жүйесінің тағы бір ерекшелігі – сынақ жабдықтарынан алынған деректерді тікелей қабылдап, белгіленген әдістемелер бойынша есептеулер жүргізіледі. Нәтижелер сынақ хаттамасына енгізіліп, көрсеткіштерді қолмен көшіру мен есептеу кезінде туындауы мүмкін қателер азаяды. Ал, өлшеу құралдарының көрсеткіштері камераға түсіріліп, фотоматериалдар сынақ нәтижелерімен бірге сақталады. Бұл қажет болған жағдайда өлшеу барысындағы деректерді қайта тексеруге мүмкіндік береді.
Жүйе тапсырыс берушілер мен мердігерлер үшін де қолайлы. Олар өз нысандарына қатысты сынақ нәтижелерімен және ескертулермен танысып, қажетті құжаттарды тіркеп, жауап жолдай алады.
KazRoadLab ақпараттық жүйесі Орталықта 2019 жылдан бері пайдаланылып келеді. Ал 2024 жылы жүйені жетілдіру, жұмыс жылдамдығын арттыру және жаңа мүмкіндіктерді енгізу мақсатында ол жаңа технологиялық платформаға көшірілді.
Нұрлан Жантуриннің пікірінше, жол саласындағы процестерді цифрландыру сапаны бақылаудың тиімділігін арттырып қана қоймай, зертханалық зерттеулердің ашықтығын қамтамасыз етуге, деректерді орталықтандырылған түрде сақтауға және зертханалық сынақтардың нәтижелерін бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық құрал.
Исатай ауданының Томан ауылында 80 орындық алғашқы бөбекжай-бақша пайдалануға берілді. Енді ауыл бүлдіршіндері мектепке дейінгі тәрбие мен білімді өз елді мекенінде ала алады, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
