Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Құрманғазыда өзбекстандық азамат көші-қон заңнамасын бұзған (+ВИДЕО)

Қазақстан Республикасының халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін елден шығарылды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.  

Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігі бойынша Өзбекстан Республикасының азаматы Т-қа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды (шетелдiктiң Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы).  

Сотта анықталғандай, Өзбекстан Республикасының азаматы Т. Қазақстан Республикасына 2024 жылғы 10 қазанда кіріп, заңнамада белгіленген болу мерзімі, яғни отыз күнтізбелік күн  өткеннен кейін он тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден жалтарып, бір жылдан астам уақыт заңсыз жүрген.  Т.-тың әкімшілік құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі өзінің мойындау түсініктемесімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен және басқа да іс құжаттарымен расталды.  

Сот қаулысымен құқық бұзушы Т. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.  Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: ru.freepik.com