Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда санавиация нәрестенің өмірін сақтап қалды

Жылыой аудандық ауруханасында өңеш атрезиясы диагнозымен сәби дүниеге келді. Нәрестенің жағдайы ауыр болғандықтан, ол шұғыл түрде санитарлық авиация арқылы Атырау облыстық перинаталдық орталығына жеткізілді, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Ұшақ бортында алғашқы медициналық көмекті дер кезінде Бегеева Т. М. дәрігері мен Ибрагимова С. мейірбикесі көрсетті.

Неонаталдық операция 3 сағаттан астам уақытқа созылып, сәтті өтті. Ота перинаталдық орталық директорының орынбасары Г. М. Абекеева жетекшілік еткен тәжірибелі мамандар тобының, сондай-ақ реанимация бөлімшесінің меңгерушісі Ә. М. Абатовтың және облыстық балалар ауруханасының хирургтері — Г. Т. Мергазиева, А. С. Алмагамбетов, Б. Д. Салықбаевтың кәсіби еңбегінің арқасында сәтті жүзеге асты.

Қазіргі таңда баланың жағдайы тұрақты, емдеу жұмыстары балалар реанимация бөлімінде жалғасуда. Дәрігерлер мен мейірбикелер тәулік бойы толық күтім мен қамқорлық көрсетіп отыр.