Атырауда бағаны өсірмеу үшін не жасалуда?
- Details
- 31.12.2025
Бүгінгі кейіпкеріміз — Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №15 мекемеде жаза өтеуде отырған, жасы 28-дегі азамат. Оның тағдыры — ашуға ерік берудің адам өмірін қалай күрт өзгертіп жіберетінінің нақты көрінісі, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Бұл оқиға — жай ғана тұрмыстық жағдайдың баяны емес, ашу үстінде жасалған бір сәттік әрекеттің адам тағдырын түбегейлі өзгертіп жіберетінінің ауыр ескертуі. Отбасындағы тыныштықтың, өзара құрмет пен төзімнің қаншалықты маңызды екенін, ал сабырсыздықтың орны толмас өкінішке әкелетінін көрсететін шынайы мысал.
Барлығы күйеу мен әйел арасындағы қарапайым сөз таласынан басталған. Күнделікті өмірде болатын ұрыс-керіс секілді көрінгенімен, эмоцияны бақылаудың болмауы, ашу мен реніштің салдары ақыры ауыр қылмысқа ұласты. Сол сәтте өзін ұстай алмаған ер адам жұбайына қол көтеріп, оның денсаулығына ауыр қасақана зиян келтірген.
Аталған әрекеті үшін ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл қылмыс тек қылмыстық жауапкершілікке әкеліп қана қоймай, жылдар бойы құрылған отбасының күйреуіне себеп болды — жанжалдың соңы ажырасумен аяқталды.
Отбасынан айырылу, балаларынан жырақта қалу, жарының сенімінен айырылу — оның жүрегіндегі өкінішті одан әрі күшейтті.
Бұл оқиға — кез келген отбасылық жанжалдың соңы қандай ауыр салдарға әкелуі мүмкін екенін көрсететін ащы сабақ. Отбасындағы құрмет, сабыр және өз-өзін ұстай білу — тек берік некенің ғана емес, адам тағдырының да негізгі тірегі екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.