Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атыраулық құтқарушылар ант қабылдады

Бір мақсат. Бір ант. Бір Отан. Атырау қаласындағы «Жеңіс саябағы» аумағында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті гарнизоны жеке құрамы жас қызметкерлерден Ант қабылдау және  қысқы киім нысанына көшу үшін сапқа тұрғызылды, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

Іс-шараға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Нұрлан Жаңабаев, ардагерлер, жеке құрам және арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Салтанатты рәсім барысында жеке құрам сапқа тұрғызылып, Мемлекеттік Ту көтеріліп, оркестрдің сүйемелдеуімен Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалды. Жас қызметкерлер Қазақстан халқына және мемлекетіне адал қызмет етуге салтанатты түрде ант қабылдады.

Барлығы 22 жас қызметкер ант беріп, азаматтық қорғау органдарының қатарына ресми түрде қабылданды.

Іс-шара барысында құттықтау сөз сөйлеген полковник Н. Жаңабаев жас мамандарды кәсіби жолдағы алғашқы қадамымен құттықтап, елге адал қызмет етудің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, ардагер Сейітжан Қисанұлы Дүйсекенов пен жас қызметкер, азаматтық қорғау кіші сержанты Молдағалиев Райымбек Мерекеұлы да өз тілегін білдірді.

Салтанатты рәсім мерекелік шеру және естелік суретке түсумен аяқталды.

Әлия ЖАМИТОВА