Атырау мектепке жасанды интеллект енгізуді бастап кетті
- Details
- 13.10.2025
Атырау облысы Полиция департаментінің бұрынғы қызметкері, АФМ іздеу жариялаған Аслан Дүйсенов «жалған стоматологиялар» ісі бойынша ЕТЖҚ қаражатын заңсыз шығаруға қатысы жоқ екенін әлеуметтік желілерде мәлімдеді. Оның айтуынша, 46 млрд теңге — «жалған дерек», ал оны алаяқ деп көрсету — қате, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.
Дүйсенов іздеуде екенін білмегенін, бұл туралы әлеуметтік желілерден білгенін айтты. Қазіргі уақытта ол ем қабылдап жатыр, бірақ орналасқан жерін жасырған.
АФМ дерегінше, Дүйсенов пен тағы екі азамат Атырау мен Ақтаудағы жалған стоматологиялар арқылы ЕТЖҚ-дан 46 млрд теңгеден астам қаражат шығару схемасын ұйымдастырды деп күдіктелуде.
Дүйсенов директор болған Smile Hub Atyrau клиникасы жұмысын жалғастырып келеді: әлеуметтік желілерде пікірлер, суреттер, лицензия және баға тізімі жарияланған. Алайда КГД дерегіне сүйенсек, клиника жұмыс істеген кезеңде бюджеттің 235 мың теңгеден астамын ғана аударған — бұл орта деңгейдегі стоматологиямен салыстырғанда едәуір төмен.
Айта кетейік, 2016 жылы Дүйсенов өзін-өзі өлтіруге жеткізу және қызмет өкілеттігін асыра пайдалану үшін сотталған еді.
Әлия ЖАМИТОВА