Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда инвестжобалардың арқасында 26 мыңға жуық жұмыс орны ашылды

Биылғы 10 айдың қорытындысына сәйкес Атырау облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері бойынша оң өзгерістер қалыптасты. Алайда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі бойынша 30%-ға дейін төмендеді. Бұған «Теңізшевройл» ЖШС-нің Келешек кеңею жобасының аяқталуы әсер етті. Бірақ өзге инвестициялардың өсімі 29%-ға ұлғайды. Өңірдің дамуының басты экономикалық драйвері – мұнай-газ саласы. Бүгінде құны 10,7 млрд долларды құрайтын үш ірі зәкірлі инвестициялық жоба (полиэтилен өндірісі, газ сепарациялық қондырғы, газ өңдеу зауыты) жүзеге асырылуда. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.