Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

Атырауда салық берешегі 86 млн теңгеге қысқарды

Мемлекеттік кірістер басқармасының мәліметінше, 2025 жылдың алғашқы алты айында Атырау қаласының тұрғындары жер, мүлік және көлік салықтары бойынша берешектерін азайтқан, деп хабарлайды AtyrauTODAY тілшісі.

2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жеке тұлғалардың салық берешегі 346,4 млн теңгені құрады. Бұл көрсеткіш жыл басымен салыстырғанда 61,8 млн теңгеге аз. Ал алғашқы алты айдың қорытындысы бойынша берешек 259,7 млн теңгеге дейін төмендеп, қаңтар айымен салыстырғанда 86,7 млн теңгеге қысқарды. Берешектің азаюы салық төлеушілердің өз міндеттемелерін жауапкершілікпен орындап, салықтарды уақтылы төлеп отырғанын көрсетеді.