Атырау +7 7719012424 Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.

Тіліңізді таңдаңыз

Тіліңізді таңдаңыз

«Атырау өнімі» - азық-түлік өндірісін қолдауға бағытталған бағдарлама

Атырау облысының экономикасы дәстүрлі түрде мұнай саласына тәуелді.

 Дегенмен, Мемлекет басшысы Жолдауында экономиканы әртараптандыруды және өңдеу өнеркәсібін дамыту міндетін алға қойып келеді.

Осы бағытта биыл алғаш рет еліміз бойынша «Атырау өнімі» бағдарламасы іске қосылды. Бағдарламаның негізгі мақсаты — жергілікті кәсіпкерлерді азық-түлік өндірісін дамытуға ынталандыру.

Жобаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге бөлініп, қазір кәсіпкерлерден құжаттар қабылданып жатыр. Бұл бастама өңірде жаңа өндіріс орындарын ашуға және тұрғындарды жергілікті өніммен қамтамасыз етуге жол ашады.

Сонымен қатар, 2025 жылдың басынан бері 373 кәсіпкерге 382 сервистік қызмет көрсетіліп, мемлекеттік бағдарламалар жөнінде 2000-ға жуық кәсіпкер қамтылған 22 кездесу өткізілді.

Бұл – бизнеске қаржылай ғана емес, қаржылық емес қолдаудың да жүйелі түрде көрсетіліп отырғанын білдіреді.